Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу басталды
Қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу басталды


Бүгін (2015 жыл, 30 наурыз) Ұлттық тестілеу орталығында ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі (типтік) бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысы басталды. Екі күнге созылатын жұмыс тобына еліміздегі ең беделді филолог ғалымдар жұмылдырылып отыр.

Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау міндетін іске асыру мақсатында әзірленген бірүлгі бағдарлама 2012 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан қолданысқа енгізілген болатын.

Мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарында тәжірибеден өтіп, уақыт талаптарына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі туралы ұсыныстар мен пікірлер жинақталды. Қазіргі таңда қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттарға (ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009) негізделген қазақ тілін оқыту үдерісі жүйеленген.

Бірүлгі бағдарлама оқыту үдерісіндегі негізгі нормативтік құжат болғандықтан, ондағы әрбір нормалық талап өте маңызды. Қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес тіл үйренушінің тіл үйрену курсын аяқтағаннан кейін қалыптасуы тиіс тілдік дағдыларының, қазақ тілінде сөйлей алу қабылеттерін қалыптастырудың мазмұны, тіл оқытудың сағат саны, олардың мазмұны, жаттығулар мен мәтіндердің мазмұны осы құжатта анықталады. Бірүлгі бағдарлама қазақ тілінің әдіскерлері мен оқытушылары үшін негізгі құжат болып саналады.

Бірүлгі бағдарлама негізінде жүйеленген оқыту үдерісінің нәтижесін ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының мазмұны толықтарып, тестілеу арқылы тіл меңгеру деңгейі анықталады.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх