Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілері және бюджеттік сала қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеру бойынша диагностикалық тестілеуге қатысты
Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілері және бюджеттік сала қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеру бойынша диагностикалық тестілеуге қатысты


2015 жылдың 2-4 наурыз аралығында Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша диагностикалық тестілеу емтиханы өткізілді.

Тестілеуге жалпы 1276 тестіленуші қатысты. Тестіленушілерге тыңдау арқылы қабылдаған мәтіндерді түсінуге, қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымын күнделікті өмірде қолдана білу дәрежесі, оқыған мәтіндерді түсінуге арналған 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 минутты құрады.

Бірінші бөлік – 30 тапсырмадан тұратын «Тыңдалым» бөлігі, көлемі мен күрделілігі әр түрлі 9 диалог пен 1 монолог жазылған аудиоматериалдар тыңдалды.

Екінші бөлік – қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы, 70 тапсырма. Бұл бөлік тестіленушілердің 20%-ға жуығы үшін қиыншылық тудырды, себебі олар үшін қазақ тілі ана тілі болып саналмайды.

Үшінші бөлік – «Оқылым», 50 тапсырма. Берілген мәтіндерді оқып, мазмұны бойынша тапсырмаларды орындау қажет.

Тест нұсқаларында ұсынылған төрт жауаптың біреуі ғана шынайы дұрыс жауап болады. Мәтін мен тапсырманы дұрыс түсінбегендіктен тестіленушілер кейбір тапсырмаларды қате деп таныған. Күнделікті өмірде қазақ тілін қолданбайтындықтан және толық мағынасын түсінбегендіктен, тапсырмада бірнеше жауабы дұрыс болып көрінген сәттер болды.

Тест құрамындағы тапсырмалар «жеңілден күрделіге қарай» ұстанымына негізделіп бес деңгей бойынша құрастырылған: қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары. Қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын тестіленушілер үшін алғашқы диалог пен мәтіндер ғана түсінікті болды, бұл нәтиже оқытудың бастапқы деңгейіне бағыттайды. Тестіленушілердің басым бөлігі мемлекеттік тілді оқу курстарына қатыспағандықтары белгілі болды.

www.kazakhtest.kz ҚАЗТЕСТ жүйесінің ресми сайтында онлайн-тестілеу арқылы байқау сынағынан өтіп, емтиханға дайындық жұмыстарын өткізу тестілеуде оң нәтиже береді.

Қазақстанда азаматтығы жоқ тестіленушілер де болды. Демек, мұндай азаматтарды қазақ тілінің курстарында оқытып, ұлттық құндылықтар туралы ақпараттармен қызықтырып, мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру жұмыстарын көбірек жүргізген жөн.

Ұлттық тестілеу орталығы Павлодар қаласының «Ана-Тілі» Тілдерді оқыту орталығының басшылығы мен қызметкерлеріне мемлекеттік тілді меңгеру, оның мәртебесі, саяси маңыздылығы, қоғамдағы рөлі туралы көбірек насихаттау жұмыстарын жүргізуді ұсынады.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх