Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Жамбыл облысының мемлекеттік қызметшілері ҚАЗТЕСТ тапсырды
Жамбыл облысының мемлекеттік қызметшілері ҚАЗТЕСТ тапсырды


Ағымдағы жылдың 23-27 ақпаны аралығында Жамбыл облысының мемлекеттік қызметшілері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тестілеуінен өтті.

ҚАЗТЕСТ жүйесінің алғашқы кезеңі диагностикалық тестілеу және оны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы 2006 жылдан бастап ақысыз негізде өткізеді. Екінші кезеңі қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау тестілеуі – сертификаттық тестілеу. Аталған қызмет ақылы және оның құны 4 841 теңге. Сертификаттық тестілеуге әрбір азамат өз қалауы бойынша қызметтің ақысын кез келген банкте төлеу арқылы қатыса алады.

Диагностикалық тестілеуге Тараз қаласының, Қордай, Шу, Меркі, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл аудандарының 1000 мемлекеттік қызметшілері қатысты. Тестілеу барысында Тыңдалым, Лексика-грамматикалық құрылым, Оқылым, Жазылым бөліктерінен тұратын сертификаттық тестілеуді тапсыру шарттары түсіндірілді. Сертификаттық тестілеудегі деңгейге байланысты жазба жұмыстары: А1-А2 – диктант, В1-В2 – мазмұндама, С1 – эссе болып күрделенеді. Сертификаттық тестілеуге дайындық үшін «Тіл – құрал» оқу-әдістемелік құралы ұсынылды.

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі өткір емес, дегенмен мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала және басқа салалар қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторларының бірі ретінде отандық ҚАЗТЕСТ жүйесінің маңыздылығы, тестілеу технологиясы және сертификаттық тестілеуден өту шарттары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Тестілеудегі қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын тестіленушілер үлесі 2% құрады.

Диагностикалық тестілеудің нәтижесінде әр бөлік бойынша балл көрсеткіштері бөлінген ведомосі беріледі және қазақ тілін меңгерудің болжамды деңгейі келесі меже бойынша анықталады:

Деңгейді анықтау

Балл

Қарапайым деңгей – А1

31-64

Базалық деңгей – А2

65-104

Орта деңгей – В1

105-119

Ортадан жоғары деңгей – В2

120-134

Жоғары деңгей – С1

135-150

Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жоғары деңгейде атқарғаны үшін Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының Мемлекеттік тілді оқыту орталығы ұжымына алғысын білдіреді. Ағымдағы жылдың соңында сертификаттық тестілеу өткізу жоспарланып отыр.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх