Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматыда сертификациялау тестілеуі өтті
Алматыда сертификациялау тестілеуі өтті


Ұлттық тестілеу орталығы Алматы қаласының мегаполис дәрежесіне сәйкестігін ескере отырып, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін растау үшін сертификаттау арқылы тестілеуді ұйымдастыру үшін Алматы менеджмент университетімен серіктес ретінде бірлесіп қызмет атқарады.

Ағымдағы жылдың 20-21 ақпанында университетте мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растауға ынталы 32 азаматқа сертификаттық тестілеу емтиханы өткізілді. Тестілеуге А2 деңгейі бойынша – 24, В1 деңгейі бойынша – 8 тестіленуші қатысты.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке, халықаралық білім, ғылым бағдарламаларына үміткерлер үшін немесе белгілі бір мекемелердің мемлекеттік тілді терең меңгергендігі үшін өз қызметкерлеріне ынталандыру арқылы тілдің мәртебесін арттыру шараларында ҚАЗТЕСТ жүйесі бірегей тетікке айналды. Тестілеудің өз қалаларында ұйымдастырылуы Алматы қаласының тұрғындарына өз кезегінде қолайлы болып отыр. 



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх