Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері қызметшілері ҚАЗТЕСТ тапсырды
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері қызметшілері ҚАЗТЕСТ тапсырды


Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін орындау мақсатында ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері құрамалары мен әскери бөлімдері қызметшілері 2015 жылдың 25 қаңтарында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тестілеуінен өтті.

Тестілуге еліміздің барлық аймақтарынан біліктілік арттыру курстық жиынына қатысушы әскери қызметшілер қатысты. Тестілеуге қатысушылардың жалпы саны – 104 адам санын құрады.

Аталған іс-шара арқылы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері басшылығы қызметшілерінің қазақ тілін күнделікті өмірде қолдану және іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу дәрежелерін анықтап, оның нәтижесі бойынша қызметкерлеріне оқу курстарын ұйымдастыруды көздеп отыр. Жылдың соңында белгілі деңгей бойынша оқу курстарын аяқтаған қызметшілерге сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру жоспарланған. Сертификаттық тестілеу нәтижесінде тестіленушінің деңгейі расталған жағдайда, қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ сертификаты беріледі. 

Ұлттық тестілеу орталығы аталған іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «12750 әскери бөлімі» ММ мамандарына алғысын білдіреді. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх