Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Павлодар қаласында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша семинар өткізілді
Павлодар қаласында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша семинар өткізілді


Ұлттық тестілеу орталығы мен Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы (бұдан әрі – Аймақтық орталық) арасында қол қойылған Ынтымақтастық меморандумының аясында ағымдағы жылдың 23-24 желтоқсанында «Мемлекеттік қызметшілерді қазақ тіліне оқытудағы ҚАЗТЕСТ-ң рөлі» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға Аймақтық орталықтың 10 оқытушысы мен қызметкері қатысты. Семинардың авторлық құрамын Қазақстан Республикасындағы азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ң әзірлемешілері мен менеджерлері құрды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі мен ғылыми-әдістемелік зертханаларының меңгерушілері.

Семинар барысында отандық қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-тің ерекшеліктері, қолданылу аясы, сөйлеу әрекеті түрлері, тілді оқытудың қазіргі заманға сай әдістері туралы шолу дәрісі оқылды. Семинар қатысушылары «Тыңдалым» және «Жазылым» бөліктері бойынша тестілеу тахнологиясымен таныстырылды. Қазақ тіліні меңгеру деңгейін бағалау барысындағы деңгейлік жазба жумыстарының (диктант, мазмұндама және эссе) бағалану рәсімі анық ашылды. «Оқылым» бөлігінің тест тапсырмалары түрлері талданып, оқыту мен қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың сабақтастығы, әрбір тест тапсырмасын түсіндіру барысындағы оқытушының орны, дұрыс жауап нұсқасын таңдаудың алгоритмі, қазақ тілі курсының әр тыңдаушысының оқыту траеториясын қалыптастырудағы диагностикалық тестілеудің алатын орны баяндалды.

Семинар аяқталуымен қатысушыларға екі жақты қол қойылған сертфикаттар берілді. Болашақта мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейлерін анықтау және бағалау аясында қызметтестік жасау жоспарланып отыр.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх