Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ біліктілік арттыру курсында
ҚАЗТЕСТ біліктілік арттыру курсында


2014 жылдың 26 желтоқсанында Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Руханият» тілдерді оқыту орталығы қазақ тілін оқыту әдістемелеріне арналған «Қазақ тілін үйрету: әдістеме және ұйымдастыру» тақырыбында біліктілік арттыру курсын ұйымдастырды. Курстың негізгі тыңдаушылары Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тілдерді оқытумен айналысатын кафедралардың профессор-оқытушылық құрамы.

Біліктілік арттыру курсында қазақ тілін меңгеруде ҚАЗТЕСТ жүйесінің ықпалын тереңірек зерделеу мақсатында Ұлттық тестілеу орталығынан ҚАЗТЕСТ жетекшісі Айдос Абдыхаликов курс жүргізушілерінің бірі ретінде шақырылды.

Курс тыңдаушыларына ҚАЗТЕСТ жүйесінің мазмұны, құрылымы, тест тапсырмаларының ерекшеліктері таныстырылды. Қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама төңірегінде қызықтырған сауалдар көп болды. 2012 жылы қолданысқа енгізілген қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі негізіндегі «Қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарламаның» мазмұнына қызығушылықтың жоғарылығы байқалды. Ал керісінше, жоғары оқу орындарына арналған қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқытудың қолданыстағы типтік бағдарламасының қолдану тиімділігінің төмендігін оқытушылар бір ауыздан баяндады. Осыған орай, 2012 жылы Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеп, Тіл комитеті қолданысқа енгізген типтік бағдарламаны тереңірек зерделеп, мүмкін жоғары оқу орындарына бейімдеп, қолданысқа енгізудің ұйымдастыру іс-шараларына Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Практикалық қазақ тілі кафедрасы мен Ұлттық тестілеу орталығы бірлесіп ізденістер жүргізудің нақты қадамдары баяндалды. Практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі – Қуандық Құлманов пен курс тыңдаушылары курсы соңында ҚАЗТЕСТ жүйесі ұжымына атқарып отырған қызметтеріне жаңаша ізденістер мен ғылыми жетістіктер тілеп, алғыстарын білдірді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх