Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!


Достар, отандастар!

Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығы – жоғалғанымыздың көзі, іздегеніміздің өзі екені баршамызға аян. Тарихы тереңде жатқан елдің өз алдына қайта егеменді ел болған күні, асыл да ең қымбат қазынамыз – Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының: «Алдымызда алыс сапарға басталған жол, алыс күндерге шақырған ізгі мақсат жатыр. Ақыл мен парасаттың ұлы көріністерін еншілеген халқымыздың ықылым заманнан бастау алатын қымбат тарихы жатыр» – деген пікіріне сүйенер болсақ, Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиіспіз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде танытқан Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты, азаттық таңы тұғырлы болсын! Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз.

Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымызды жеткіземіз. Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх