Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ тілінен тест өткізілді
Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ тілінен тест өткізілді


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында ағымдағы жылдың 2 және 6 желтоқсан аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының (Шымкент, Кентау, Түркістан қалалары мен Түлкібас, Сайрам, Төле би аудандары) мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері және Шымкент қаласындағы Шымкент мұнай құбыры басқармасы қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізілді. Іс-шараны өткізуге Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы қызметкерлері және Шымкент қаласындағы «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы атсалысты.

Тестілеу емтиханына облыстық басқарма, аудан, қала әкімдігінің қызметшілері, қазынашылық, ішкі істер, медицина саласы, халыққа қызмет көрсету саласының қызметкерлері қатысты. Тестіленушілердің жалпы саны – 576 адамды құрады. Сонымен қатар Шымкент мұнай құбыры басқармасының тестілеуден өткен қызметкерлерінің жалпы саны – 91 адамды құрады.

Тест нәтижесі бойынша тестілеуге қатысушылар құрамындағы 72% –мемлекеттік қызметшілер болса, 28%-ы – бюджеттік сала қызметкерлері болды. Тестіленушілердің 14%-ы үшін қазақ тілі ана тілі болып саналмайды, оның ішінде орыс ұлт өкілдері – 6, өзбек – 60, белорус – 1, украин – 2, түрік – 5, әзірбайжан – 2, татар – 2, грузин – 1 болды.

Аталған іс-шара арқылы мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің күнделікті өмірде мемлекеттік тілді қолдану және іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу дәрежелерін анықтап, оның нәтижесі бойынша қызметкерлерді аймақтық тіл орталықтарында орналастырылған ақысыз негіздегі оқу курстарына жіберу көзделіп отыр.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх