Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Шетелдік сарапшының «Тілді екінші немесе шетел тілі ретінде оқыту әдістемелерінің ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар-тренингі өз мәресіне жетті
Шетелдік сарапшының «Тілді екінші немесе шетел тілі ретінде оқыту әдістемелерінің ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар-тренингі өз мәресіне жетті


Ұлттық тестілеу орталығы мен TÖMER орталығы арасында ынтымақтастық меморандумына сәйкес 2014 жылдың 8-10 желтоқсан аралығында Астана қаласында Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен Түркия Республикасы, Анкара қаласының Гази университетіндегі Түрік тілін оқыту, зерттеу және тәжірибе орталығы (TÖMER) директорының орынбасары доктор Незир Темур мырзаның семинар-тренингі ұйымдастырылды. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты ересек тұрғындарға қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемелерінде түрік тәжірибесінің озық үлгілерін пайдалануды, қолдануды зерделеу болды. Семинар-тренингке еліміздегі мемлекеттік тілді оқытудың барлық өңірлік орталықтарының басшылары, оқытушылары мен әдіскерлері, ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлемешелері мен сарапшылары, менеджерлері, жалпы тіл меңгеру саласында қызығушы мамандар қатысты. Үшкүндік семинар-тренингке қатысқандар саны 50 адам. TÖMER орталығы директорының орынбасары, доктор Незир Темур мырза тыңдаушылардың назарына еуропалық тілдік референттілік талаптарынан бастау алған тіл меңгеру үдерістерін, әдістемелері мен тәсілдерінің мазмұнын ашты. Сонымен қатар тіл дағдылары, көп тілділік, қос тілділік, тілді үйрену жолдары, тілді оқытудың негізгі әдістері, тілді оқытудың негізгі және жалпы қағидаттары, қазіргі тілді оқыту әдістемесі, психологиялық және психикалық үдерістер, оқыту үдерісі, деңгейлерді анықтау және деңгей бойынша топ құру үдерісі, аудиториямен қарым-қатынас орнату, еуропалық тілдік портфель және оның құзыреттілігі, тілдік дағдылар (тыңдалым, оқылым, жазылым, сөйлесім), негізгі тілдік дағдыларды қалыптастыру, оқылым мен сөйлесімнің өзара байланысы, жазылым мен грамматиканың өзара байланысы, жазылым стратегиялары, тыңдалым әдістері, тиімді оқу материалдарын таңдау, дағдыларға сәйкес оқу материалдарын таңдау, сабақта қолданылатын материалдарды дайындау, халықаралық аудио және бейне тіл өлшем материалдары, тіл білімін бағалау әдістері бойынша мәселелерге айқын ғылыми дәлелдер ұсынды.

Тілді екінші тіл ретінде немесе шетел тіл ретінде оқытудың ерекшеліктерін нақты ғылыми тұрғыда ашып көрсетті. Тілді оқыту барысындағы көңіл бөлуді қажет ететін, әрбір маңызды бөліктерге тыңдаушылар назарын аударды. Түркі тілдес халықтардың тіл ұқсастығына байланысты көпжылдық тәжірибесі бар TÖMER орталығының тәжірибесі ҚАЗТЕСТ-тің ғылыми-әдістемелік дамуында үлкен үлес қосатыны белгілі.

Тыңдаушылар семинардың өз мақсатына жеткендігін, мазмұнының маңыздылығын, түрік тәжірибесінің қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту үдерістерінде ҚАЗТЕСТ-ке қолданудың көп пайдасын тигізетінін бір ауыздан жеткізіп, семинар-тренинг авторына алғыстарын білдірді. Семинарға қатысушыларға Ұлттық тестілеу орталығы мен TÖMER орталығының сертификаттары табысталды. Әдіскерлер мен оқытушылар, ҚАЗТЕСТ сарапшылары үшін семинар мазмұны қазақ тілін меңгеруге ынтаны арттыру мен оны үйрену әдістемесінің жаңа тәсілдерін қолдануда жаңа серпіліс беріп, ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының сапасы жаңа деңгейге көтерілетіні анық. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх