Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ халықаралық сарапшының семинар-тренингін ұйымдастыруда
ҚАЗТЕСТ халықаралық сарапшының семинар-тренингін ұйымдастыруда

Бүгін, 2014 жылдың 8 желтоқсанында Ұлттық тестілеу орталығы Астана қаласында «Тілді екінші немесе шетел тілі ретінде оқыту әдістемелерінің ерекшеліктері» тақырыбында шетелдік сарапшының семинар-тренингін ұйымдастыруды бастады. Семинар-тренинг үш күнге созылады. Семинар-тренинг авторы – Түркия Республикасы, Анкара қаласының Гази университеті жанындағы «Түрік тілін оқыту, зерттеу және тәжірибе орталығы» (TOMER) директорының орынбасары Незир Темур мырза.

Ұлттық тестілеу орталығы TOMER орталығымен 2013 жылдан бастап қарым-қатынас орнатқан, әдістемелік, ғылыми байланыстар үшін ынтымақтастық меморандумымен уағдаласқан болатын. Осы меморандум аясында аталған семинар-тренинг жалғасын тауып отыр.

Семинар-тренингке мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының директорлары, оқытушылары, әдіскерлері, ҚАЗТЕСТ сарапшылары мен менеджерлері қатысуда.

Семинар пайдасы халықаралық әдістемелердің ерекшеліктерін талдаумен сипатталады.

Соңғы күні шеберлік сабақтарымен ұласып, пікірталастар мен орталық директорларының Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағадарламасындағы басым бағыттарды іске асырудағы қордаланған мәселелерді ортаға салуға арналған дөңгелек үстелмен аяқталмақ.





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх