Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«ҚАЗТЕСТ жүйесі және мемлекеттік тіл» тақырыбында семинар өтті
«ҚАЗТЕСТ жүйесі және мемлекеттік тіл» тақырыбында семинар өтті

Қостанай облысы Тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Мемлекеттік тілді оқытудың облыстық орталығы облыстық әкімдіктің басқарма қызметкерлері мен Қостанай облысының аудандық, қалалық әкімдіктерге қарасты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен әдіскерлеріне арналған «ҚАЗТЕСТ жүйесі және мемлекеттік тіл» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Ағымдағы жылдың 24-25 қарашасында өткізілген екі күндік семинарға 80-ге жуық адам қатысты. Бірінші күні семинарды тыңдауға Қостанай облысының аудандық, қалалық әкімдіктердің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары және сол аудандардағы тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен әдіскерлері келді. Екінші күні Қостанай облыстық әкімдігіндегі басқарма басшыларының орынбасарлары қатысты.

Екі күндік семинарды ҚАЗТЕСТ жетекшісі Айдос Әбдіхалықов өткізді. Семинар барысында автор ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымы, тапсырмалардың мазмұны, тапсырмалардың тіл білімін бағалауға лайықтылық дәрежесі, ересек тұрғындардың қазақ тілін меңгерудегі ҚАЗТЕСТ жүйесінің ықпалы туралы баяндады. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі бойынша әзірленген кешеннің мазмұнымен таныстырды. ҚАЗТЕСТ жүйесінің бөліктері – Тыңдалым, Жазылым, Оқылым мен Лексика-грамматикалық бөліктер бойынша тапсырмалардың мазмұнын тыңдаушыларға жеткізді. Әр күн семинар соңында тыңдаушыларды қызықтыратын сауалдарға жауап берумен аяқталып отырды.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді меңгеру бағытындағы негізгі міндеттерді атқаруда осындай насихаттық-әдістемелік семинарлардың маңызы жоғары. Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының басшылығына және Тілдерді оқытудың облыстық орталығының ұжымына Ұлттық тестілеу орталығы алғысын білдіреді. Ересек тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеруіне ықпал ету мақсатындағы тіл оқыту әдістемелерін жетілдіру мен тіл меңгеруге деген ынтаның артуына бағытталған іс-шараларды жалғастыру бүгінгі күннің өзектілігі.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх