Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ тапсырмалары екінші сараптамадан өтті
ҚАЗТЕСТ тапсырмалары екінші сараптамадан өтті


Азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау, көпшілікке белгілі, ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде тестілеу арқылы жүзеге асырылуда. Тестіленушілердің тілдік білімін әділ бағалау үшін тест тапсырмаларының сапасы мен объективтілігі бірінші орында тұрады. ҚАЗТЕСТ тапсырмалары қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттарға, әрбір деңгейге жеткілікті сөздер мен сөз тіркестерінің минималды қорына, әр бөліктің өз ерекшелігін анықтайтын тест тапсырмаларының спецификациясына сәйкес әзірленіп, екі рет тәуелсіз сараптамадан өткізіледі.

2014 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған ҚАЗТЕСТ жүйесінің Тыңдалым, Лексика-грамматикалық құрылым, Оқылым және Жазылым бөліктері бойынша тест тапсырмалары 11-13 қараша айында екінші сараптамадан өтті. Бірінші сараптама нәтижесінде түзетуге немесе түзетіліп ұсынылған, сондай-ақ жойылған тапсырмалар (жойылған тапсырмалар әзірлемешіге қайтарылып, алмастырылады) екінші сараптамаға жіберіледі. Сараптамалық қорытындыда сарапшылар тест тапсырмаларының талапқа сай екенін жеткізеді.

Қазіргі уақытта ҚАЗТЕСТ қорында 120 000-ға жуық тест тапсырмасы бар. Осы жылы 16 200 тест тапсырмасы қорға қосылғалы тұр.

Сондай-ақ Лексика-грамматика бөлігі бойынша тест тапсырмаларын қалыптастыру құжатын жетілдіру мақсатында бірқатар толықтырулар енгізілді. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх