Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Ақтөбелік мемлекеттік қызметшілер ҚАЗТЕСТ тапсырды
Ақтөбелік мемлекеттік қызметшілер ҚАЗТЕСТ тапсырды


Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілері мен халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерлері 6-8 қараша аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тестілеуінен өтті.

Тестілеуге аудан әкімдігінің аппарат қызметкерлері, әскери сала қызметкерлері, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету мекемелерінің қызметкерлері және мектеп мұғалімдері қатысты. Тестілеуге қатысушылардың жалпы саны – 1470 адам санын құрады. Атап айтқанда, 6 қарашада Мәртөк ауданы бойынша – 484 адам, 7 қарашада Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің – 62 қызметшісі, 8 қарашада Ақтөбе қаласында – 924 қызметші тестілеуге қатысты.

Тест нәтижесі бойынша тестілеуге қатысушылар құрамының 33%-ын – мемлекеттік қызметшілер, 63%-ын – бюджеттік сала қызметкерлері, 2%-ын – мемлекеттік емес мекемелер қызметкерлері құрады. Тестіленушілердің 4%-ы үшін қазақ тілі ана тілі болып саналмайды.

Аталған іс-шара ағымдағы жылдың наурызындағы облыс бойынша ҚАЗТЕСТ тестілеуінің жалғасы. Бірінші тестілеуде Алға ауданы бойынша 479, Ақтөбе қаласы бойынша 746 мемлекеттік қызметші қамтылған. Екі тестілеу нәтижесінде Ақтөбе облысы бойынша жылпы 2695 мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері қамтылды.

Ұлттық тестілеу орталығы осы іс-шараны ұйымдастырып, бірлесіп өткізуге, қызметтестік білдірген Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мен басқарма жанындағы Тілдерді оқыту отралығы ұжымына алғысын білдіреді.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді меңгеру бойынша міндеттерді іске асыруда аталған тестілеулердің орны ерекше. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх