Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Семей қаласының мемлекеттік қызметшілеріне ҚАЗТЕСТ сертификаттары тапсырылды
Семей қаласының мемлекеттік қызметшілеріне ҚАЗТЕСТ сертификаттары тапсырылды


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында Семей қаласының мемлекеттік қызметшілері ҚАЗТЕСТ сынағын тапсырды. Биылғы жылы 50 мемлекеттік қызметші сынақ тапсырса, келер жылы осы көрсеткішті 150-ге дейін жеткізу жоспарланған. Қазақ тілін қажетті көлемде меңгеру үшін деңгейлеп оқыту әдістемелері қолға алынып, ҚАЗТЕСТ тестілеуін сәтті тапсыру үшін дайындық курстары ұйымдастырылған.

Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау сынағынан сүрінбей өткен қала әкімі аппараты мен дербес бөлім қызметкерлері қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері бойынша Орта (В1) деңгейін меңгергендігін растайтын сертификатқа ие болды. Жоғары көрсеткішке ие болған бөлімдер қатарынан «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар», «Сәулет және қала құрылысы», «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімдері көрінді.

Қызметкерлерге Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тілдерді оқыту орталығы тарапынан мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге арналған оқу құралдары таратылды.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх