Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қарағанды облысының қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Қарағанды облысының қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды


2014 жылдың 27-31 қазан аралығында Қарағанды қаласында Қарағанды облысы Балқаш, Жезқазған, Приозерск, Қаражал, Саран, Сәтбаев, Шахтинск, Теміртау, Қарағанды қалалары мен Нұра, Осакаровка, Бұхар жырау, Абай аудандарының мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері, 10-ға жуық басқарма мен әкімдіктер қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеуден өтті. Сондай-ақ, Қарағанды облысы кедендік бақылау департаменті, «KEGOС» АҚ қызметкерлері емтихан тапсырды.

Тестілеуге жалпы саны 1636 адам қатысып, тестіленушілердің басым бөлігін Ішкі істер департаменті қызметкері (1000-нан аса адам) құрады. Тест тапсырушылардың саны мен құрамы (бірқатар тестіленушілер бір жылда екінші рет тестілеуден өтуде), тестілеудің талапқа сай ұйымдастырылуы мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшыныстың артқанын байқатады.

Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді ұйымдастыруға атсалысқан Қарағанды облысы Тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлеріне алғыс білдіреді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 29 қазанында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің 95 қызметкері сертификаттық тестілеуден өтті.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх