Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«KEGOC» АҚ қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден өтті
«KEGOC» АҚ қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден өтті

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC»АҚ Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін орындау мақсатында өз үлесін қосуды алға қойған. Осыған орай, ағымдағы жылдың 27-31 қазан аралығында «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау тестілеуі өтті. Тестілеуге қатысушылардың жалпы саны – 249 адам санын құрады.

Аталған іс-шара арқылы «KEGOC» АҚ басшылығы қызметкерлерінің қазақ тілін күнделікті өмірде қолдану және іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу дәрежелерін анықтап, оның нәтижесі бойынша қызметкерлеріне оқу курстарын ұйымдастыруды көздеп отыр. Тестілеу нәтижелері қазақ тілін оқыту үдерісіне жүйелілік енгізеді, өйткені диагностикалық тестілеу нәтижесінде тілдік дағдының түріне байланысты оқытуда екпін беретін тұстарын анықтауға мүмкіндік туады. Тестілеу нәтижесінде жеке тіл үйренуші өзінің төмен нәтиже көрсеткен сөйлеу әрекетінің түріне көбірек көңіл бөліп жұмыс жасауына, ал оқытушы әр тілүйренушінің қабілеттеріне қарай оқытудың дара әдістемесін қалыптастыруына мүмкіндік туады.

Деңгейді анықтау тестілеуіне сәйкес қызметкерлердің қалауы бойынша сертификаттық деңгейлік тестілеуден өту мүмкіндігі бар. Сертификаттық деңгейлік тестілеу нәтижесінде тестіленушінің деңгейі расталған жағдайда, қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ сертификаты беріледі.

Ұлттық тестілеу орталығы аталған іс-шараны жоғары дәрежеде ұйымдастырып, қызметтестік білдірген «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ басшылығы мен Мемлекеттік тілді дамыту және аударма бөліміне алғысын білдіреді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх