Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Павлодарда қазақ тілінен тест өтті
Павлодарда қазақ тілінен тест өтті


Павлодар қаласында мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді білу бойынша тестілеу өтті. Емтихан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізілді.

Жоғарыда аталып кеткен іс-шара 2014 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында Павлодар облысының «Ана тілі» мемлекеттік тілді оқыту орталығының бастамасымен ұйымдастырылды.

Тестілеу емтиханына Павлодар облысының мемлекеттік, жергілікті және аумақтық мекемелер қызметшілері, сонымен қатар Павлодар қаласы және аудандарының қызметкерлері қатысты. Диагностикалық тестілеу емтиханы Павлодар облысының Кедендік бақылау департаментінде өткізілді.

Диагностикалық тестілеу тыңдаушыларды қазақ тілін оқыту топтарына тиімді әрі нақты бөлуді іске асыруға мүмкіндік береді. Тестілеу арқылы тыңдаушылардың тілдік білімдерінің кемшіліктері анықталады және соған байланысты оқу жоспарына түзетулер енгізіледі.

Тест нәтижесі бойынша Тестілеуге қатысушылардың 51% – мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері – 49 %-ды құрады. Тестіленушілердің 30%-ы қазақ тілі ана тілі болып саналмайды, оның ішінде орыс ұлт өкілдері –177 адам, украин – 32, белорус – 8, татар – 11, өзбек – 1, азербайжан – 1, неміс – 6, кәріс – 2, поляк – 1, эстон – 1, шешен – 2, болгар – 1, шуваш – 1, басқа ұлт өкілдері – 2 адам.

Тестілеу аяқталған соң, тестілеудің өткізілуіне ризашылығын білдірген азаматтардың саны басым болды.

Тестілеу емтиханын өткізуге атсалысқан Павлодар облысының «Ана тілі» мемлекеттік тілді оқыту орталығының ұжымына және Павлодар облысындағы ҰТО филиалының қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх