Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Ақмола облысының мемлекеттік және азаматтық қызметкерлері  қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Ақмола облысының мемлекеттік және азаматтық қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында 2014 жылдың 22-29 қыркүйек аралығында Ақмола облысының Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Жақсы, Есіл, Жарқайың, Бурабай, Бұланды, Еңбекшілдер, Ақкөл, Шортанды, Астрахан, Егіндікөл, Целиноград, Аршалы, Ерейментау аудандары мен Степногорск қаласының мемлекеттік және азаматтық қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеу емтиханын тапсырды.

Осы іс-шараның маңыздылығын түсініп, тестілеуді жоғары деңгейде өткізуді Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе отырып Ақмола облысы Тілдерді дамыту басқармасының Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының жауапты қызметкерлері ұйымдастырды.

Бұл кезеңде тестілеуге аудан әкімінің аппарат қызметкерлері, мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Тестіленушілердің жалпы саны 1656 қызметкерді құрады.

– Зеренді ауданы бойынша – 96 адам,

– Жарқайың ауданы – 102,

– Степногорск қаласы – 101 адам,

– Ақкөл ауданы – 100 адам,

– Шортанды ауданы – 100 адам,

– Бурабай ауданы – 100 адам,

– Бұланды ауданы – 100,

– Целиноград ауданы – 100,

– Аршалы ауданы – 100 адам,

– Жақсы ауданы – 100,

– Еңбекшілдер ауданы – 99 адам,

– Ерейментау қаласы – 99,

– Есіл ауданы – 98,

– Атбасар ауданы – 94,

– Егіндікөл ауданы – 94,

– Астрахан ауданы – 87,

– Сандықтау ауданы – 86 қызметкері тестілеуден өтті.

Жалпы тестіленушілер тарапынан тест құрылымы, жауап парағын толтыру мен тестілеу технологиясы бойынша қиындықтар туындаған жоқ. Бұл – Ақмола облыстық және аудандарындағы Мемлекеттік тілді оқыту орталығы қызметкерлерінің жемісті еңбегінің дәлелі. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх