Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні құтты болсын!
Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні құтты болсын!


Құрметті әріптестер!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш заманда мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған ана тіліміз – қазақ тілінің мерейі өсіп, мәртебесі биіктеген тұста тағы да бір Тіл мерекесін тойлап отырмыз. Ақылдың ісімен, білектің күшімен сақтап қалған кең байтақ өлкемізде мекен етуші қазақ жұртшылығының ғана емес, сондай-ақ өзге ұлттар мен ұлыстарға ортақ мереке – Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні құтты болсын!

Тіл – елдің қуатты күші. Халқымыздың байлық-бақыты саяси-экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өресімен айқындалатыны анық. Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл-ойының көрінісі – тілге тікелей тәуелді екені белгілі. Сондықтан да «Бүгінгі күні Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері мен қазақ азаматтары мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеруге зейін қойып, қазіргі уақытта мемлекеттік тілде еркін сөйлеуді мақсат етіп отыр», – деген Елбасымыздың сөзі осындай игі істердің аса маңызды басымдықтарының бірі екеніне көз жеткіземіз.

Бұл мереке елімізде ерекше аталып өтіледі. Жүзден астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында берекелі де мерекелі ғұмыр кешіп жатқан Қазақстан секілді көпұлтты мемлекет үшін бұл мерекенің алатын орны ерекше.

Халел Досмұхамедұлының «Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі» деген ұлағатты сөзімен мереке қарсаңында мемлекеттік тіліміздің мерейін асқақтатып жүрген Сіздерді, – Тіл саясаты саласындағы қызмет атқарып жүрген Тіл комитеті қызметкерлерін, Мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының басшылары мен оқытушы-әдіскерлік құрамын, облыстық және қалалық тіл басқармалары қызметкерлерін, тіл мамандарын, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамын, орталық және атқарушы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тілді дамыту басқармалары қызметкерлерін, ұлттық компаниялардағы мемлекеттік тілді дамыту басқармалары қызметкерлерін, мемлекеттік емес мекемелерде тіл саласында еңбектеніп жүрген ерен азаматтарды, жалпы серіктестерімізді Тіл мерекесімен құттықтай отырып, қызметтеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз. Әрдайым жолдастарыңыз – жақсылық, серіктеріңіз – сәттілік болсын!


Ізгі тілектермен,

ҚАЗТЕСТ ұжымы




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх