Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесі марапатталды
ҚАЗТЕСТ жүйесі марапатталды

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басталуынан бергі атқарылған іс-шаралардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын нығайтуда қосқан үлесі үшін марапаттауға арналған республикалық «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» марапаттау рәсімінде ҚАЗТЕСТ жүйесі «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» марапатталды.

Республикамыз бойынша марапатқа лайық деп алынған қоғамымыздың әр саласында мемлекеттік тілдің дамуына үлкен үлес қосқан азаматтар мен мекемелер ішінен 60 номинация таңдалып, оның ішінде тәуелсіз сарапшылардың шешімімен 30 марапат іріктелген.

Ересек тұрғындардың қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеруде ҚАЗТЕСТ жүйесінің жемісті еңбегі ескерілмей қалған жоқ. ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН бірге «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» символы ҚАЗТЕСТ жүйесіне бұйырды. Осы ретте ҚАЗТЕСТ жүйесінің мемлекеттік тілдің қоғамымызда бәселестікке қабылеттілігін арттыру шараларында атқарып отырған қызметін бір ғана дәйекпен келтіруге болады, ол ҚАЗТЕСТ жүйесі құрылған күннен бастап қоғамның барлық саласында дерлік мемлекеттік тілді меңгерудің деңгейін бағалаудың бірден бір тетігі болды және ол Мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторының негізгі тетігі болып отыр.


Фото




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх