Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан халқының тілдері мерекесі аясында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқау өтті
Қазақстан халқының тілдері мерекесі аясында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқау өтті
Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдерінің XVI қалалық фестивалі аясында 2014 жылғы 17 қыркүйек күні Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқау өтті.
Іс шараның мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік қызметшілердің іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау, тіл мәдениетін орнықтыру, мемлекеттік тілде іс жүргізудің сапасын арттыру, мемлекеттік тілде үздік іс жүргізуші мекеме, ұйымдарды, қызметкерлерді моральдық және материалдық тұрғыдан көтермелеу.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында мемлекеттік қызметшілері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу өткізіліп жүр.
Мемлекеттік тілге қатысты әрбір іс шара барысында тілдік білімді бағалау жүйесінің де болғаны абзал.
Осы мақсатта ҚАЗТЕСТ жүйесі де өзінің құрылымы мен мазмұнын таныстырып, байқауға қатысушылар мен байқау қонақтарына әзірленген оқу-әдістемелік материалдары мен тест тапсырмалары жинақтарын, көрме құралдары мен ақпараттық таратпаларын ұсынды.
Байқауға мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен тұратын командалар қатысты. Қатысушылар байқаудың мынадай кезеңдері бойынша сайысқа түсті: команданы таныстыру, қазіргі қоғамдағы мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты көпшілікке ой салатын сахналық көрініс көрсету.
Шараға зиялы қауым өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары шақырылды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх