Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері қазақ тілін білу деңгейін анықтау тестін тапсырды
Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері қазақ тілін білу деңгейін анықтау тестін тапсырды

Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері қазақ тілін білу деңгейін анықтау тестін тапсырды

Ағымдағы жылдың 25-29 тамыз аралығында Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған диагностикалық тестілеуден өтті. Тестіленушілердің құрамы келесідей болды:

– Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті – 278 адам;

– Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті – 209 адам;

– Алматы қаласының Кинологиялық орталығы – 20 адам,

– Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті – 95 адам,

– Алматы қаласының «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ – 94 адам;

– Алматы қаласы бойынша «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан «KEGOG» компаниясы» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалы – 21 адам.

Тестілеуге барлық мекемелер бойынша қатысқан тестіленушілер саны – 717 адам.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу технологиясына сәйкес тестіленушілерге сөйлеу әрекетінің «Тыңдалым», «Лексика-грамматикалық құрылым» және «Оқылым» бөліктері бойынша тест тапсырмалары ұсынылды. Тест тапсырмалары тестіленушілердің 11,6% үшін қиындық туғызды, себебі, олар үшін қазақ тілі ана тілі болып саналмайды.

Тестілеу түрі диагностикалық болғандықтан, қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тест құрамында бес деңгейдің (қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары) тапсырмалары қамтылды.

Аталған іс-шара 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2014 жылдың 26 мамырындағы № 20-05/07-356 орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік ұйымдары қазақ тілін оқыту курс тыңдаушыларының ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауды қамтамасыз етуі жөніндегі хаттамалық шешімін орындау мақсатында жүзеге асырылды.

Ұлттық тестілеу орталығы аталған іс-шараны ұйымдастыруда қызметтестік білдірген Кедендік бақылау комитетінің орталық аппараты қызметкерлеріне және Алматы қаласының «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ мен Алматы қаласы бойынша «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан «KEGOG» компаниясы» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының басшылығына тестілеу өткізуге ынталарын білдіргені үшін алғысын білдіреді.





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх