Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Шығыс Қазақстандық мемлекеттік қызметшілер қазақ тілін білу бойынша сертификаттық тестілеуге қатысты
Шығыс Қазақстандық мемлекеттік қызметшілер қазақ тілін білу бойынша сертификаттық тестілеуге қатысты


2014 жылдың 25-29 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері үшін сертификаттық тестілеу емтиханы өткізілді.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында және 2014 жылдың 10 маусымындағы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына қазақ тілін білуге ҚАЗТЕСТ тапсыруды 2015 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізу туралы шешімін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үшін Қазақстанда азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ тапсырудың нәтижелері арқылы анықтау белгіленген. Қойылған талаптарды жүзеге асыру барысында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу келесі аудандарда ұйымдастырылып, өткізілді:

– Күршім ауданы – 43 адам;
– Зырян ауданы – 36 адам;
– Жарма ауданы – 45 адам;
– Көкпекті ауданы – 20 адам;
– Ақсу атауданы – 22 адам;
– Зайсан ауданы – 37 адам;

және Семей қаласы бойынша – 152 адам, Өскемен қаласы бойынша – 147, Риддер қаласы бойынша – 18 адам. Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы 520 мемлекеттік қызметші орта деңгей бойынша сертификаттық тестілеуден өтті.

Сонымен қатар, 21-25 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті мен Өскемен қаласының «KEGOC» акционерлік қоғамы қызметкерлері үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын диагностикалық тестілеу өткізілді. Тестілеуге облыс бойынша Кедендік бақылау департаментінің 200 қызметкері мен «KEGOC» акционерлік қоғамының 25 қызметкері қатысты. Диагностикалық тестілеуден өтушілерге ҚАЗТЕСТ жүйесінің «Тыңдалым», «Лексика-грамматикалық құрылым», «Оқылым» бөліктері бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, ал сертификаттық тестілеуге қатысушылар үш бөлікпен бірге төртінші бөлік жазылым бөлігінен тапсырма орындайды.

Аталған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы» қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері атсалысты.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх