Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері ҚАЗТЕСТ тапсырды
Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері ҚАЗТЕСТ тапсырды


2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін арттыру («Қазтест» тапсырудың нәтижесі бойынша 2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%) нысаналы индикаторын орындау мақсатында Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау байқау сынағынан өтті.

Тестілеуге аудан әкімдігінің аппарат қызметкерлері, әскери сала қызметкерлері, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету мекемелерінің қызметкерлері және мектеп мұғалімдері қатысты. Тестілеуге қатысушылардың жалпы саны – 1559 адам санын құрады. Атап айтқанда, 18 тамызда Іле ауданы бойынша – 191 адам, 19 тамызда Қаратал ауданы бойынша – 271 адам, 20-21 тамыз аралығында Талдықорған қаласында – 874 адам, 22 тамызда Қапшағай қаласында – 223 қызметкер тестілеуге қатысты.

Тест нәтижесі бойынша тестілеуге қатысушылар құрамының 42%-ын – мемлекеттік қызметшілер, 56%-ын – бюджеттік сала қызметкерлері, 2%-ын – мемлекеттік емес мекемелер қызметкерлері құрады. Тестіленушілердің 8%-ы үшін қазақ тілі ана тілі болып саналмайды, оның ішінде орыс ұлт өкілдері – 74, кәріс – 18, татар – 8, ұйғыр – 7, басқа ұлт өкілдері – 18 адам. Тестілеуге қатысқандардың 68%-ы тестілеуден бірінші рет өткені, 32%-ы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-пен таныс екені анықталды.

Аталған іс-шара арқылы мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің қазақ тілін күнделікті өмірде қолдану және іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу дәрежелерін анықтап, оның нәтижесі бойынша қызметкерлерді аймақтық тіл орталықтарында ұйымдастырылған ақысыз негіздегі оқу курстарына жіберу көзделіп отыр.

Ұлттық тестілеу орталығы осы іс-шараны ұйымдастырып, бірлесіп өткізуге, қызметтестік білдірген Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығына алғысын білдіреді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх