Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Жамбыл облысының қызметкерлері тестілеуден өтті
Жамбыл облысының қызметкерлері тестілеуден өтті


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында ағымдағы жылдың 28 шілдесі мен 3 тамыз аралығында Жамбыл облысының (Тараз, Қаратау қалалары мен Жуалы, Талас, Сарысу, Т. Рысқұлов аудандары) мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу өткізілді. Осы іс-шараны өткізуге Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен жергілікті мемлекеттік тілді оқыту орталығының қызметкерлері жоғары деңгейде жүзеге асырды.

Тестілеуге аудан әкімінің аппарат қызметкерлері, әскери сала қызметкерлері, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету мекемелерінің қызметкерлері және т.б. қатысты. Тестіленушілердің жалпы саны – 1691 қызметкерді құрады. Оның ішінде Тараз қаласы бойынша – 451 адам, Жуалы, Сарысу, Талас ауданы бойынша – 925 адам, Т. Рысқұлов ауданы бойынша –315 адам тестілеуден өтті.

Сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті және «Қордай» бекетінің мемлекеттік қызметшілері арасында да мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық тестілеуі өткізілді. Тестілеуге қатысушылардың жалпы саны – 389 адамды құрады.

Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 95%-ы үшін тест қиындық туғызбады. Ал 5% қатысушыға қиындық туғызуының себебі: тестіленушінің 5% үшін қазақ тілі ана тілі болып саналмайды, оның ішінде – орыс – 49, татар – 9, кәріс – 4, өзбек – 10, қырғыз – 2, украин – 3, ұйғыр – 4, түрік – 2, дүнген – 3, тәжік – 5, неміс – 6, әзірбайжан – 3 адам. Қатысушылардың 98% тестілеуден бірінші рет өткен. Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған мұндай тестілеудің нәтижелілігі мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін әділ түрде тәуелсіз бағалауда, қазақ тілін оқыту курстарында оқытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу қазақ тілін оқыту курсының тыңдаушыларын бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген деңгейлерге дұрыс бөлуге септігін тигізіп, қазақ тілін білу деңгейін тәуелсіз бағалайды.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх