Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі қызметкерлері қазақ тілінен тест тапсырды
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі қызметкерлері қазақ тілінен тест тапсырды


Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін орындау мақсатында өз үлесін қосуды алға қойған. Осыған орай, ағымдағы жылдың 22-24 шілде аралығында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау тестілеуі өтті. Тестілеуге қатысушылардың жалпы саны – 201 адам санын құрады.

Аталған іс-шара арқылы министрлік басшылығы қызметкерлерінің қазақ тілін күнделікті өмірде қолдану және іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу дәрежелерін анықтап, оның нәтижесі бойынша қызметкерлерін оқу курстарына жіберуді көздеп отыр. Тестілеу нәтижелері қазақ тілін оқыту үдерісіне жүйелілік енгізеді, өйткені диагностикалық тестілеу нәтижесінде тілдік дағдының түріне байланысты оқытуда екпін беретін тұстарын анықтауға мүмкіндік туады. Тестілеу нәтижесінде жеке тіл үйренуші өзінің төмен нәтиже көрсеткен сөйлеу әрекетінің түріне көбірек көңіл бөліп жұмыс жасауына, ал оқытушы әр тіл үйренушінің қабілеттеріне қарай оқытудың дара әдістемесін қалыптастыруына мүмкіндік туады.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нәтижелер көрсеткіштерінің бірі мемлекеттік тілді білудің «Қазтест» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі бойынша сертификат алған мемлекеттік қызметшілердің үлесін (2017 жылға қарай кемінде 50%, 2020 жылға қарай 100%); мемлекеттік тілді білудің «Қазтест» бағдарламасы бойынша сертификат алған мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесін (2017 жылға қарай кемінде 50%, 2020 жылға қарай 100%) арттыру. Осыған орай, аталған мекеме оқу курстарына қатысқан қызметшілерге сертификат алу шартын алға қоюды көздеп отыр.

Деңгейді анықтау тестілеуіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қалауы бойынша сертификаттық деңгейлік тестілеуден өту мүмкіндігі бар. Сертификаттық деңгейлік тестілеу нәтижесінде тестіленушінің деңгейі расталған жағдайда, қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ сертификаты беріледі.

Ұлттық тестілеу орталығы аталған іс-шараны жоғары дәрежеде ұйымдастырып, өткізуге бірлесіп, қызметтестік білдірген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Персоналды дамыту басқармасына алғысын білдіреді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх