Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Тест тапсырмаларының байқау сынақтарынан кейінгі сараптамасы өтті
Тест тапсырмаларының байқау сынақтарынан кейінгі сараптамасы өтті

Ұлттық тестілеу орталығында Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТке арнап әзірленген тест тапсырмаларының екінші сараптамасы өз мәресіне жетті.

Ұлттық тестілеу орталығы тест тапсырмаларын әзірлемешілерден жинақтап алған соң тәуелсіз сараптамадан өткізеді. Алғашқы сараптамадан өткен тапсырмалардан тіл меңгеру деңгейін анықтауға арналған қазақ тілін меңгерудің бес деңгейі (қарапайым – А1, базалық – А2, орта – В1, ортадан жоғары – В2, жоғары деңгейлер – С1) бойынша нұсқалар қалыптастырылып, олар әртүрлі мақсатты топтарда байқау сынақтарынан өтеді. Байқау сынақтарында тест тапсырмаларының мақсатқа лайықтылығы әр қырынан сараланады. Байқау тестілеуінің нәтижелерін әртүрлі математикалық-статистикалық талдаулар анықталған сапасы төмен тапсырмалар екінші сараптамаға жөнелтіледі.

2014 жылдың 22-24 шілде аралығында байқау сынақтарынан кейінгі екінші сараптамаға барлығы – 4830 тест тапсырмасы берілді, оның ішінде тыңдалым бөлігі бойынша – 1200 тапсырма, лексика-грамматикалық бөліктен – 1400, оқылым бөлігінен – 1480, жазылым бөлігі бойынша – 750 тест тапсырмалары қайта тексерілді.

Екінші сараптамаға ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын қалыптастыру жұмыс тобының тәжірибелі мүшелері жұмылдырылды. Үш күндік сараптама нәтижесінде барлық тест тапсырмалары ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының ерекшеліктері бойынша талаптарға сәйкес түзетілді.

2014 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған тест тапсырмалары толық қалыптастырылды. Ендігі ретте осы тапсырмаларға сәйкес аудиоматериалдарды кәсіби студияда жаздырып, содан соң барлық тапсырмаларды арнайы тест тапсырмаларының қорына енгізу жұмыстары жүргізіледі.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх