Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қызметкерлері ҚАЗТЕСТ тапсыруда


Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі комитеттері Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмыстарына өз үлесін қосуда. Ұлттық тестілеу орталығы Министрліктің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау, Туризм индустриясы, Атом энергиясы, Өнеркәсіп, Техникалық реттеу және метрология комитеттерінің сұраныстары бойынша қызметшілері арасында ағымдағы жылдың 11 маусымынан бастап мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған диагностикалық тестілеулер өткізуде.

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті мен Туризм индустриясы комитеті 11 шілдеде, Атом энергиясы комитеті 15 шілдеде, Өнеркәсіп комитеті қызметкерлері 17 шілдеде тестілеулерден өтіп, Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты қызметкерлері 18 шілдеде тестілеуден өткізілетін болады.

Тестілеу нәтижелері қазақ тілін оқыту үдерісіне жүйелілік енгізеді, өйткені диагностикалық тестілеу нәтижесінде тілдік дағдының түріне байланысты оқытуда екпін беретін тұстарын анықтауға мүмкіндік туады.

Диагностикалық тестілеу – қазақ тілін оқудың және оқытудың бағытын айқындайтын бірден бір құрал. Бұл тестілеу түрі – бағалау үшін оқыту емес, оқыту үшін бағалау мақсатында өткізіледі, яғни ҚАЗТЕСТ нәтижесі белгілі бір сөйлеу әрекетінің түріне дұрыс бағыт алып оқыту. Тестілеу нәтижесінде жеке тіл үйренуші өзінің төмен нәтиже көрсеткен сөйлеу әрекетінің түріне көбірек көңіл бөліп жұмыс жасауына, ал оқытушы әр тіл үйренушінің қабілеттеріне қарай оқытудың дара әдістемесін қалыптастыруына мүмкіндік туады.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нәтижелер көрсеткіштерінің бірі мемлекеттік тілді білудің «Қазтест» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі бойынша сертификат алған мемлекеттік қызметшілердің үлесін (2017 жылға қарай кемінде 50%, 2020 жылға қарай 100%); мемлекеттік тілді білудің «Қазтест» бағдарламасы бойынша сертификат алған мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесін (2017 жылға қарай кемінде 50%, 2020 жылға қарай 100%) арттыру.

Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің қалауы бойынша диагностикалық тестілеуге сәйкес сертификаттық деңгейлік тестілеу өткізуге де мүмкіндік бар. Сертификаттық тестілеудің Жазылым бөлігіндегі диктант, мазмұндама, эссе, берілген сұрақтарға жазбаша жауап беру, жағдайлық диалог құру жазба тапсырмалары тіл білімінің толық бағасын беруге мүмкіндік береді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Ұйымдар мен серіктестер

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх