Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы басталды
ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы басталды


2014 жылдың 8 шілдесінде Ұлттық тестілеу орталығы азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ жүйесіне арнап әзірленген тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасын бастады. Жоспар бойынша аталған тапсырмалар үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығына арналған. Сараптамаға ұсынылып отырған тапсырмалардың жалпы саны – 8100. Сараптама 4 күнге созылып, 8-11 шілде аралығында өтеді.

Сараптамаға практикалық қазақ тілі, тіл білімін бағалау, тілді екінші немесе шетел тілі ретінде оқыту салалары бойынша еліміздегі беделді филолог ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамдарының өкілдері, тәжірибелі әдіскерлер мен ғылыми-зерттеу институтының білікті мамандары жұмылдырылып отыр. Сарапшылар саны 16 адамды құрайды.

ҚАЗТЕСТ жүйесінің негізгі міндеттеріне сәйкес еліміздегі өзге тілді азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруіне, қатынас құралы ретінде күнделікті өмірде кеңінен қолдануына екпін берерлік көмекші бағалау құралы ретінде тест тапсырмаларының да мазмұны қазақ тіліндегі ақпараттарды кез келген адамның тыңдап немесе естіп түсіну дәрежесін, оқығанын түсінгенін, жаза білу мен сөйлей білу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Бұл ретте әр тапсырманың мақсатқа лайықтылығы, тіл меңгерудің деңгейлеріне сәйкес тақырыптан ауытқымай, сөздік қор шекарасынан асып кетпей, тек қана тілдік білім деңгейін бағалауға бағытталғандығы бірінші орынға шығады. Сонымен бір тест тапсырмасының өзін мазмұны жағынан бірнеше қырынан қарастыра отырып, тест тапсырмасын құраудың технологиялық құрылымы тұрғысынан да дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Осыдан келіп өте мұқият назарды талап ететін сараптаманы тек білікті сарапшылар ғана өткізе алатыны шығады.

Сараптаманың тәуелсіздігі тест тапсырмасының әзірлемешісі туралы ешбір мәлімет берілмей, сараптамалық қорытындыларды сарапшылар тек әзірлемешінің жұмыстарына арнайы белгіленіп қойған кодтары бойынша ғана тұжырымдар әзірлейді. ҚАЗТЕСТ менеджерлері сараптамалық қорытынды нәтижелері бойынша сараптамадан өтпеген немесе түзетуге ұсынылған тапсырмаларды дәйекті қорытындыларымен бірге тапсырмалардың әзірлемешілеріне қайта жолдау арқылы оны түзетеді немесе орнына жаңа тапсырмамен алмастырады.

Алғашқы сараптама бойынша нұсқалар қалыптастырылып, мақсатты топтарда байқау сынақтары ұйымдастырылады. Байқау сынақтарының нәтижелеріне сәйкес әр тапсырманың қасиеттері сараланады да, мақсатқа лайықты емес тапсырмалар қайта сараптамаға жолданады.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх