Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Кедендік бақылау саласының мемлекеттік қызметшілері қазақ тілінен тест тапсырды
Кедендік бақылау саласының мемлекеттік қызметшілері қазақ тілінен тест тапсырды


Ұлттық тестілеу орталығы ағымдағы жылдың 23-27 маусым аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің мемлекеттік қызметшілері арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық тестілеуін өткізді. Тестілеуге қатысушылардың жалпы саны - 558 адам.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу технологиясына сәйкес тестіленушілерге Тыңдалым, Лексика-грамматикалық құрылым, Оқылым бөліктері бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды. Тестілеу түрі – диагностикалық, яғни қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тестілеуі болғандықтан, тапсырмалар құрамында бес деңгейдің (қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары) тапсырмалары қамтылған.

Тестіленушілердің құрамы жас ерекшеліктеріне қарай үш категория өкілдерінен тұрып, төмендегі орташа көрсеткіштер анықталды: 

Жас ерекшелік категориясы

Тестіленушілердің жалпы санының пайыздық көрсеткіші

Тыңдалым бөлігі бойынша орташа көрсеткіш

Лексика-грамматикалық құрылым бойынша орташа көрсеткіш

Оқылым бөлігі

бойынша орташа көрсеткіш

Жалпы көрсеткіш

22 - 29 жас аралығы

22%

15

59

28

102

 30 - 45 жас аралығы

53%

14

57

26

97

 46 - 60 жас аралығы

25%

12

56

25

94

Қатысушылардың нәтижелері топтардың жас ерекшеліктеріне қарай кеми береді; барлық категориялардың жалпы көрсеткіштері базалық деңгейге (А2) сәйкес.

Мемлекеттік тілдің бәсекелестік қабілетін жоғарылату мақсатында жыл сайын Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі. Осы зерттеулерге сәйкес 46 - 60 жас аралығындағы ересек тұрғындардың тілді меңгеруге деген ынтасының төмендігі және басқа жас категорияларына қарағанда төмен нәтиже көрсететіні байқалған.

Аталған мекемеде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу алғашқы рет өткізілуіне байланысты, Тыңдалым бөлігін орындау барысында қиындықтар туындады. Аудиотаспаны тыңдау және сұрақ-кітапшасындағы тапсырмаларға жауап беру үдерісі мұқияттылық пен логикалық ойлаудың айқындығын талап етеді.

Диагностикалық тестілеудің негізгі мақсаты болашақта қазақ тілін оқытушымен немесе жеке оқудың бағытын айқындау үшін мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін мезгілді және тәуелсіз түрде анықтау. Мемлекеттік тілді қысқа мерзімде меңгеруді алға қойған қызметші тестілеу нәтижесіне сүйеніп, оқудың жеке траекториясын қалыптастыру мүмкіндігі туады. Мысалы, Тыңдалым бөлігінен төмен нәтиже көрсеткен тіл үйренушіге мемлекеттік тілде жүргізілетін радио және телебағдарламалар тыңдау қажет. Оқылым бөлігінен төмен нәтиже көрсеткен тестіленушіге қызықты газет-журналдар, жарнамаларды қазақ тілінде оқу ұсынылады. Бұл тестілеу түрі – бағалау үшін оқыту емес, оқыту үшін бағалау мақсатында өткізіледі, яғни ҚАЗТЕСТ нәтижесі белгілі бір сөйлеу әрекетінің түріне дұрыс бағыт алып оқыту.

Тыңдалған ақпараттың мағынасын, оқылған мәтіннің мәнін түсіне білетін азамат қана өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізіп, іс- қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізе алады. Аталған тестілеу сөйлеу әрекетінің үш репродуктивті түрінен өткізілді. Сертификаттық тестілеудің Жазылым бөлігіндегі диктант, мазмұндама, эссе, берілген сұрақтарға жазбаша жауап беру, жағдайлық диалог құру жазба тапсырмалары тіл білімінің толық бағасын беруге мүмкіндік береді. Кедендік бақылау департаменті сертификаттық тестілеуді 2015 жылы өткізуді жоспарлап отыр.

Ұлттық тестілеу орталығы аталған іс-шараны ұйымдастырып өткізуге бірлесіп, қызметтестік білдірген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті орталық аппаратының қызметкерлері және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдіреді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх