Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Ішкі істер министрлігінде қазақ тілінен тест өтті
Ішкі істер министрлігінде қазақ тілінен тест өтті


2014 жылдың 11 маусым күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 102 қызметкері мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға бағытталған диагностикалық тестілеуден өтті. Бұл тестке орталық аппарат қызметкерлері қатысты.

Диагностикалық тестілеуге қатысушыларға ҚАЗТЕСТ жүйесінің «Тыңдалым», «Лексика-грамматикалық құрылым» және «Оқылым» бөліктері бойынша тест түріндегі тапсырмалар ұсынылды.

Аталған мекемеде топтар бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесіне бағыттап оқыту жүзеге асырылып келеді. Алдағы уақытта оқу үдерісінің соңында аралық бақылау жүргізіп отыру үшін және қорытынды шығару мақсатында диагностикалық және сертификаттық тестілеу дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын болады.

Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері әрі қарай іске асырылуда.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх