2014 жылдың 10 маусым күні Үкiмет отырысында Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаның орындалу барысы талқыланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Гүлшара Әбдiхалықова мәлiмдеді.
"Сарапшылардың айтуынша қазiргi уақытта, Қазақстан халқының 63 пайызы мемлекеттiк тiлдi, 92 пайызы – орыс және 16,6 пайызы ағылшын тiлiн меңгерген. Елбасының қойып отырған саясаты – елiмiзде үш тұғырлы тiл саясатын дамыту. Осыған байланысты бүгiн Үкiмет отырысында бағдарламаның орындалу барысы талқыланды", - деп атап өтті вице-премьер.
Брифинге қатысқан Қазақстан Республикасы Мәдениет министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы бағдарлама аясында жасалған жұмыстардың нақты көрсеткiштерiне тоқталды. «Есептi кезеңде мемлекеттiк тiлдi дамыту мен қолдануға бағытталған бiрқатар жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, ҚАЗТЕСТ жүйесiн жетiлдiру бойынша мемлекеттiк тiлдi оқытуға арналған 5 деңгейден тұратын оқу-әдiстемелiк кешен әзiрлендi. Сонымен қатар елiмiздiң барлық тiлдердi оқыту орталықтарына таратылды», - деп атап өттi министр.
Министрдің мәлімдеуінше, қазақ тілін меңгеру 2015 жылдан бастап орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына сатылы түрде ҚАЗТЕСТ жүйесiн енгiзу арқылы шешіледі.
Толығырақ Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің сайт бетінен немесе Қазақстан Республикасының премьер-министрінің ресми сайт бетінен танысуға болады.
Фото: mki.gov.kz
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz