Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Нұр Отан» партиясында қазақ тілінен тест өтті


2014 жылдың 6 маусым күні «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебінің 24 қызметкері мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға бағытталған диагностикалық және 8 қызметкері сертификаттық тестілеуден өтті. Тестілеу 2014 жылдың қаңтар айында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша өткізілген диагностикалық тестілеудің нәтижесін қорытындылау үшін және сол тестілеу нәтижесі бойынша анықталған деңгейдің бірін (Ортадан жоғары В2) растау мақсатында ұйымдастырылды.

Диагностикалық тестілеуге қатысушыларға ҚАЗТЕСТ жүйесінің «Тыңдалым», «Лексика-грамматикалық құрылым» және «Оқылым» бөліктері бойынша тест түріндегі тапсырмалар ұсынылды. Ал сертификаттық тестілеуге қатысушылар аталған үш бөлікке қосымша сөйлеу әрекетінің өнімді түрі «Жазылым» бөлігінен тапсырма орындады.

Аталған мекемеде топтар бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесіне бағыттап оқыту жүзеге асырылып келеді. Алдағы уақытта оқу үдерісінің соңында аралық бақылау жүргізіп отыру үшін және қорытынды шығару мақсатында диагностикалық және сертификаттық тестілеу дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын болады.

Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері әрі қарай іске асырылуда.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх