Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ енді Алматы қаласында да өткізіледі
ҚАЗТЕСТ енді Алматы қаласында да өткізіледі

Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) мен Халықаралық бизнес академиясы (ХБА) ҚАЗТЕСТ өткізу бойынша ынтымақтастыққа уағдаласты. Меморандум бойынша Алматы қаласында қазақ тілін үйренушілерге ХБА-да ҚАЗТЕСТ тапсыруға дайындық курстары ұйымдастырылады. Әр курс соңында ҰТО қызметкерлері талапқа сай тестілеу өткізіп, деңгейге сәйкес сертификаттар беруді ұйымдастыратын болады. Ынтымақтастық меморандумы бойынша атқарылатын жұмыстар «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерге барғысы келетін үміткер үшін өте ыңғайлы болады, өйткені академияда нақты ҚАЗТЕСТ-ке бағыттап оқыту жүргізіледі де, соңында Алматы қаласының өзінде ҚАЗТЕСТ тестілеуі өткізіледі. Жалпы қазақ тілін екінші тіл ретінде оқуға, үйренуге және соңында тілді меңгергендігін анықтауға үлкен мүмкіндік ашылды.

Ақпарат алу үшін келесі телефондарға хабарласуларыңызға болады:


ҰТО:

Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі

Әбдіхалықов Айдос Тұрсынбайұлы

8 (7172) 51-83-10

«Тестілеуді ұйымдастыру» ғылыми-әдістемелік зертханасының жетекші сарапшысы

Садықова Ұлжан Расылханқызы

8 (7172) 51-83-06

ХБА:

Іскери қазақ тілін дамыту орталығының директоры

Сәрсенбаев Ақылбек Беделханұлы

8 (727) 3022200, 3022222, 157 (внут.)

Тілдер кафедрасының меңгерушісі Садыр Гүлмира Әуесханқызы

8 (727) 3022149





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх