Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Халықаралық бизнес академиясының қызметкерлері ҚАЗТЕСТ тапсырды
Халықаралық бизнес академиясының қызметкерлері ҚАЗТЕСТ тапсырды


Бүгінгі күнде Халықаралық бизнес академиясы мемлекеттік тілдің мәртебесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Аталған мекемеде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу үш жыл қатарынан дәстүрлі түрде өткізіліп келетіні мұның дәлелі бола алады. Халықаралық бизнес академиясы басшылығының бастамасымен 2014 жылдың 19-21 мамыр аралығында мекеменің профессорлық-оқытушы құрамы үшін мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша диагностикалық тестілеу емтиханы өткізілді.

Тестілеуге жалпы 189 тестіленуші қатысты. Академия өз қызметкерлерінің мемлекеттік тілді қажетті көлемде меңгеруі үшін қажетті барлық алғы шарттарды ұйымдастырған, ынталандыру шараларын да қарастырған. Академия қызметкерлері мен профессор-оқытушылық құрам мүшелерінің қазақ тілін меңгеру уәждемесі жоғарылағаны байқалады. Қазақ тілін оқыту курстары да өз жұмысын жалғастырып, мемлекеттік тілді дамыту орталығының қызметтерін жандандырып отыр.

ҰТО мен ХБА арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізуге және тестілеуге дайындық бағытында оқытуға ынтымақтастық меморандумына да қол қойылған.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы қажетті дәрежеде болуы үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуді бір жылда бірнеше рет өткізуге ынталы. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх