Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілері және бюджеттік сала қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеру бойынша диагностикалық тестілеуге қатысты
Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілері және бюджеттік сала қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеру бойынша диагностикалық тестілеуге қатысты

2014 жылдың 21-29 сәуір аралығында Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша диагностикалық тестілеу емтиханы өткізілді.

Өңірде мемлекеттік тілдің қолданыс мәселесі өткір тұрмағандықтан емтихан ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымымен таныстыру мен сертификаттық тестілеуіне дайындық ретінде өткізілді.

Тестілеуге жалпы 997 тестіленуші қатысты. Тестіленушілерге тыңдау арқылы қабылдаған мәтіндерді түсінуге, қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымын күнделікті өмірде қолдана білу дәрежесі, оқыған мәтіндерді түсінуге арналған 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 минутты құрады.

Бірінші бөлік – 30 тапсырмадан тұратын «Тыңдалым» бөлігі, көлемі мен күрделілігі әр түрлі 9 диалог пен 1 монолог жазылған аудиоматериалдар тыңдалды.

Екінші бөлік – қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы, 70 тапсырма. Бұл бөлік тестіленушілердің тек 1 пайызына қиыншылық тудырды, себебі олар үшін қазақ тілі ана тілі болып саналмайды.

Үшінші бөлік – «Оқылым», 50 тапсырма. Берілген мәтіндерді оқып, мазмұны бойынша тапсырмаларды орындау қажет.

Бұл өңірде мемлекеттік тілді оқыту орталықтары ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша оқытуды жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, облыстың мемлекеттік тілді дамыту басқармасының қызметкерлері тестіленушілер тізімін құру, олардың қатысуын қадағалау және т.б. ұйымдастыру жұмыстарын өткізді.

Сондай-ақ, 28 сәуірде Қызылорда қаласының Кедендік бақылау депертаментінің қызметкерлері үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын диагностикалық тестілеу өткізілді. Тестілеуге 56 қызметкер қатысты. Қазақ тілін оқыту курс тиімділігін арттыру мақсатында нәтижеге бағыттап оқыту қажеттілігі анықталды. Оқыту мен бағалау үдерісін оқытушы әр сабақ сайын қатарымен өткізуі керек.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх