Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«А» корпусының кадр резервіне үміткерлердің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеуі аяқталды (Видео)
«А» корпусының кадр резервіне үміткерлердің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеуі аяқталды (Видео)
Ағымдағы жылдың 15-26 сәуір аралығында «А» корпусының кадр резервіне үміткерлердің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеуі аяқталды. 
Тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-мен бірлесе ұйымдастырылып, өткізілді. 
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/34 бұйрығына сәйкес «мемлекеттік тілді игеру деңгейіне талаптарға сәйкестігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізу нәтижелері бойынша анықталады. «Базалық деңгейден төмен нәтиже алу үміткерді «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызмет кадр резервіне алуға іріктеуге әрі қарай қатысудан алып тастауға негіз болмайды, бірақ кадр резервін қалыптастыру кезінде есепке алынады» деп анықталған. 
Аталған талаптарға сәйкес қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тестілеуі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша өткізілді. 
Тестілеуге 365 адам қатысты. Олар: орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттарының басшылары; облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдері; жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушілері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органдарының басшылары және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қаладағы тәртіптік кеңестерінің төрағалары және т.б. лауазымдарға үміткерлер. 
Тестіленушілердің жас ерекшеліктерінің құрамы – 24 жастан 60 жасқа дейін. 
Тестілеу үміткердің тыңдаған, оқыған мәліметті түсіну қабілетін, қазақ тілінің функционалдық қызметін күнделікті өмірде қолдана білу дәрежесін бағалады. 
Тест құрылымы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгерудің бес деңгей (қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары деңгейлер) тапсырмаларын қамтыды және берілген төрт жауаптан бір дұрыс жауап таңдау түрінде болды.







Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх