Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесінің жетістіктері 15-ші Қазақстандық халықаралық көрмеде көрсетілді
ҚАЗТЕСТ жүйесінің жетістіктері 15-ші Қазақстандық халықаралық көрмеде көрсетілді
2014 жылдың 10-12 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы қолдауымен Алматы қаласында «Атакент-Экспо» ұйымы 15-ші Қазақстандық Халықаралық «Білім және мансап – 2014» атты көрме ұйымдастырды.
Ұлттық тестілеу орталығы өзінің өзге де жетістіктерімен қатар ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша әзірленген оқу-әдістемелік материалдары мен тест тапсырмалары жинақтарын, көрме құралдары мен ақпараттық таратпаларын көрмеге қатысушылар назарына ұсынды.
Үш күнге созылған көрмеге әлемнің 15 елінің: Қазақстан, Беларусь Республикасы, Израиль, Канада, Қырғыз Республикасы, Латвия, Литва, Малайзия, Польша, Ресей, Румыния, Сингапур, Словакия, АҚШ, Швейцария және басқа да елдердің 150 білім беру мекемесінің өкілдері келушілерге әлемнің әр еліндегі білім беру жүйелерін таныстырып, Қазақстан мен шетелде оқудың үздік бағдарламаларымен таныстырды. Көрмеге мектеп бітіруші оқушылар, талапкерлер, студенттер және олардың ата-аналары, сондай-ақ сала кәсіпқойлары қатысты. Олар көрменің үш күндік жұмысы барысында Қазақстан мен шет елдердегі бакалавриат және МБА бағдарламалары, бизнес бағдарламалары мен оқыту жүйелері туралы мәлімет алудың бірегей мүмкіншілігіне ие болып, жетекші жоғары оқу орындары мен үздік бизнес-мектептерінің өкілдерімен бетпе-бет сұхбаттасып, сол елдердегі жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін қойылатын талаптарды, оқытудың ақысы, шәкіртақылар мен гранттар және біздің ел мен шетелде білім алудағы анағұрлым тимді әрі қызықты ұсыныстары туралы толыққанды ақпарат алуға септігін тигізетін басқа да мәліметтер алды. Сонымен бірге көрме аясында кітап, оқулық әзірлеу жетістіктері де ұсынылды. Бірнеше баспа үйлері, типография мен полиграфиялық қызмет түрлерін ұсынатын мекемелер өз өнімдерін көрсетті.
ҚАЗТЕСТ жүйесінің өнімдеріне жоғары оқу орындары өкілдері де қызығушылық танытып, әрі қарай әріптестігімізді жалғастыруға ұсыныстар жасады.
Осылайша, көрме тағы бір мәрте жұртшылық назарына, оқу орындарына өздерін таныстыруға, тәжірибе алмасуға, ал жастарға болса, даму жолындағы тағы бір нық қадам жасауға мүмкіндік берді.





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх