Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«А» корпусының кадр резервіне үміткерлердің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеуі басталды
«А» корпусының кадр резервіне үміткерлердің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеуі басталды
Ағымдағы жылдың 15-26 сәуір аралығында «А» корпусының кадр резервіне үміткерлердің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеуі өтеді.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/34 бұйрығының «Лауазымдық міндеттерінің сипатына байланысты өзге де талаптар» атты 5 тарауының 17 тармағына сәйкес «мемлекеттік тілді игеру деңгейіне талаптарға сәйкестігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізу нәтижелері бойынша анықталады. Базалық деңгейден төмен нәтиже алу үміткерді «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызмет кадр резервіне алуға іріктеуге әрі қарай қатысудан алып тастауға негіз болмайды, бірақ кадр резервін қалыптастыру кезінде есепке алынады».
Тест қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған және қазақ тілін меңгерудің бес деңгейі бойынша тапсырмаларын қамтиды. Тест 3 бөліктен тұрады: Тыңдалым, Қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы және Оқылым.
Тестіленуші тестке қатысу үшін өзімен бірге жеке куәлігі мен қаламсап алып келуі қажет.
Тестілеуге дайындалу үшін www.kazakhtest.kz сайтындағы интерактивті байқау сынағынан өтуге болады. Байқау сынағы Ұлттық тестілеу орталығында да қарастырылған, оның төлемақысы – 4841 теңге. Алдын ала жазылу және емтиханға дайындалуға арналған оқу-әдістемелік құралдар жөнінде ақпарат алу үшін 8 (7172) 51 83 06 нөміріне хабарласуға болады.
Тестілеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ғимаратында Астана қаласы, Абай даңғылы 33а мекенжайы бойынша өткізіледі.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх