Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметшілері қазақ тілін білу деңгейін анықтау емтиханын тапсырды
Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметшілері қазақ тілін білу деңгейін анықтау емтиханын тапсырды
Ағымдағы жылдың 26-29 наурыз аралығында Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметшілері үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған емтихан өткізілді.
Өңірде мемлекеттік тілдің қолданыс мәселесі өткір тұрмағандықтан емтихан ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымымен таныстыру мен сертификаттық тестілеуіне дайындық ретінде өткізілді. 2011 жылы мемлекеттік қызметшілер диагностикалық тестілеудің бірінші легі ұйымдастырылған, ал екінші кезеңде емтиханға қатыспаған қызметкерлер келді.
Тестілеуге жалпы 1070 мемлекеттік қызметші қатысты. Тестіленушілерге тыңдау арқылы қабылдаған мәтіндерді түсінуге, қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымын күнделікті өмірде қолдана білу дәрежесі, оқыған мәтіндерді түсінуге арналған 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 минутты құрады.
Бірінші бөлік – 30 тапсырмадан тұратын «Тыңдалым» бөлігі, көлемі мен күрделілігі әр түрлі 9 диалог пен 1 монолог жазылған аудиоматериалдар тыңдалды.
Екінші бөлік – қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы, 70 тапсырма. Бұл бөлік тестіленушілердің тек 1 пайызына қиыншылық тудырды, себебі олар үшін қазақ тілі ана тілі болып саналмайды.
Үшінші бөлік – «Оқылым», 50 тапсырма. Берілген мәтіндерді оқып, мазмұны бойынша тапсырмаларды орындау қажет.
Тест құрамындағы тапсырмалар «жеңілден күрделіге қарай» ұстанымына негізделіп бес деңгей бойынша құрастырылған: қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары. Қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын тестіленушілер үшін алғашқы диалог пен мәтіндер ғана түсінікті болды, бұл нәтиже оқытудың бастапқы деңгейіне бағыттайды. Өкінішке орай, бастауыш деңгейдегі курс тыңдаушылары осы топта 6-8 жыл оқыған деректер белгілі.
Тест нұсқаларында ұсынылған төрт жауаптың біреуі ғана шынайы дұрыс жауап болады. Мәтін мен тапсырманы дұрыс түсінбегендіктен тестіленушілер кейбір тапсырмаларды қате деп таныған. Күнделікті өмірде қазақ тілін қолданбайтындықтан және толық мағынасын түсінбегендіктен, тесттегі бірнеше жауабы дұрыс болып көрінген сәттер болды.
Алдын ала ұсынылған www.kazakhtest.kz ҚАЗТЕСТ жүйесінің ресми сайтында онлайн-тестілеу арқылы байқау сынағынан өтіп, емтиханға дайындық жұмыстары өткізілсе, емтихан барысында тестілеу технологиясы мен құрылымына қатысты сұрақтар аздау болар еді.
Бұл өңірде мемлекеттік тілді оқыту орталықтары болмағандықтан тілдік саясаттың мәселелерін Маңғыстау облысының Тілдерді дамыту басқармасы үйлестіруі қажет. Басқарма қызметкерлері тестіленушілер тізімін құру, олардың қатысуын қадағалау және т.б. ұйымдастыру жұмыстарын өткізді.
ҚАЗТЕСТ жүйесінің бірінші кезеңі диагностикалық тестілеу, екінші кезеңі сетификаттық тестілеу болып табылады.
Сондай-ақ, 28 наурызда Ақтау қаласында «KazTransOil» АҚ қызметкерлері үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын диагностикалық тестілеу өткізілді. Тестілеуге 206 қызметкер қатысты. Қазақ тілін оқыту курс тиімділігін арттыру мақсатында нәтижеге бағыттап оқыту қажеттілігі анықталды. Оқыту мен бағалау үдерісін оқытушы әр сабақ сайын қатарымен өткізуі керек. Себебі қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын тестіленушілер сөйлемнің мәнін жалпы түсініп, бірақ тапсырманың талабын түсінбеген жағдайлар болды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх