Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қызметкерлер және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қызметкерлері қазақ тілінен тест тапсырды
Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қызметкерлер және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қызметкерлері қазақ тілінен тест тапсырды
Ұлттық тестілеу орталығы 2014 жылдың 27-29 наурыз аралығында Ақтөбе облысы Алға ауданы бойынша 479, Ақтөбе қаласы бойынша 746 мемлекеттік қызметші, бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері арасында және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының 128 қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу өткізді.
Іс-шараны ұйымдастыруды Ақтөбе облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері және жергілікті мемлекеттік тілді оқыту орталығының жауапты қызметкерлері жүзеге  асырды.
Тестіленушілердің жалпы саны 1353 қызметкерді құрады. Оның ішінде  397 – мемлекеттік қызметші, 248 – мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері, 704 – бюджеттік сала қызметкері, 4 – азаматтық қызметкер.
Тест тапсырушылардың 7%-ы өзге ұлт өкілдері болып табылады. Олар: 59 – орыс, 14 – украин, 1 – белорус, 10 – татар, 1 – өзбек, 1 – әзірбайджан, 1 – кәріс, 1 – грек, 1 – грузин.
Тестіленушілерге есту арқылы қабылдаған мәтіндерді түсінуге («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы (Лексика-грамматикалық құрылым), оқыған мәтіндерді түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 минутты құрады.
Тестілеу алдында жұмыс тобы сынаққа қатысушыларға кеңес беріп, ҚАЗТЕСТ жүйесінің Мемлекеттік бағдарламаның мақсатты индикаторы ретіндегі рөлі, жүйені енгізу тетіктері, технологиясы және тестілеуді өткізу жиілігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара Мемлекеттік бағдарламаның нақты мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін жасалып отырғандығын тестіленушілерге түсіндіру мемлекеттік тілді меңгеруге қажеттілік тудырып, ынталандыра түседі.
Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған мұндай тестілеудің нәтижелілігі қазақ тілін меңгеру деңгейін әділ түрде тәуелсіз бағалауда, қазақ тілін оқыту курстарында оқытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу қазақ тілін оқыту курсының тыңдаушыларын бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген деңгейлерге дұрыс бөлуге септігін тигізіп, қазақ тілін білу деңгейін тәуелсіз бағалайды. Белгілі деңгейде оқыту аяқталғаннан кейінгі екінші кезең – мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау. Ол тілді белгелі бір деңгейде меңгергендігін дәлелдейтін ҚАЗТЕСТ сертификатын иемдену.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх