Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Тараз қаласында ҚАЗТЕСТ бойынша біліктілік арттыру семинары өтті
Тараз қаласында ҚАЗТЕСТ бойынша біліктілік арттыру семинары өтті
Қазақстандағы тіл саясаты қазақ тілінің қоғамның барлық саласында кеңінен қолданысқа енгізілуіне, оның мемлекеттік тіл ретіндегі дәрежесін көтерілуіне іс-шараларды тоқтамай атқара береді. 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасындағы негізгі бағыт – мемлекеттік тілді ересек қазақстандық тұрғындардың меңгеруі үшін оны оқытудың барлық инфрақұрылымдарын жетілдіру мен әдістемесін жүйелеу, стандарттау шаралары атқарылып келеді. Жыл сайынғы мемлекеттік тілді оқыту орталықтары қазақ тілінің оқытушылары мен әдіскерлерінің біліктілігін арттыру жүйелі түрде дамып келе жатқан үрдіске айналып отыр. Тілді екінші тіл немесе шетел тілі ретінде оқытудың озық инновациялық әдістемелерін зерделеп, тиімді тұстарын қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда пайдаланып, тәжірибеленуде. Сатылы түрде 2020 жылға дейін мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін арттыру негізгі міндет болғандықтан әрбір өңірде өзге тілді ересек тұрғындарға қазақ тілін үйрету мақсатында мемлекеттік тілді оқыту орталықтары өз қызметтерін жүйелі атқарып келеді.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік тілді оқытуда қызмет көрсетіп отырған орталықтардың барлығында дерлік білікті оқытушылар мен әдіскерлер бар. Облыста қазақ тілін оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау іс-шаралары да қолға алынған. Осы ретте, еліміздегі тіл оқыту орталықтарындағы тіл үйренушілердің әр курс соңында тіл меңгеру деңгейлерін анықтау мәселесінде ортақ, жүйелі үрдіспен ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы тестілеу өткізіп, деңгейлеп оқыту барысында межелі нәтижеге жету жоспарланған.
Жамбыл облысы тіл оқыту орталықтарының оқытушылар мен әдіскерлерінің біліктілігін арттыру мәселесінде қазақ тілін екінші тіл немесе шетел тілі ретінде оқыту, оны деңгейлік әдістемелерге бейімдеу мен оның нәтижесін тіл білу деңгейін бағалау тәжірибелеріне сай бағалау сұрақтары бойынша біліктілікті арттыру семинарын ұйымдастыруды қолға алып Ұлттық тестілеу орталығымен ынтымақтастығын одан әрі қарай арттыру үшін үстіміздегі жылдың 26, 27, 28 наурыз күндері Тараз қалысында Жамбыл облыстық әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен семинар өткізді.
Үш күндік біліктілікті арттыру семинарында Ұлттық тестілеу орталығы Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының (ҚАЗТЕСТ) жетекшісі Айдос Тұрсынбайұлы Абдыхаликов семинар жүргізушісі ретінде өзге тілді ересек тұрғындардың қазақ тілін меңгерудегі уәждемесін арттыру, оқыту әдістемелерінің тиімді тәсілдерін, тіл меңгеру нәтижесін бағалау материалдарының мазмұны, құрылымы мен оны оқыту үдерісі кезінде кеңінен пайдалану жолдары бағытында, ҚАЗТЕСТ жүйесін оқытуда пайдалану бойынша дәрістік және практикалық сабақтар жүргізді. Семинарға облыстың 52 оқытушысы мен әдіскері қатысып, семинар соңында Ұлттық тестілеу орталығы мен Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасы Мемлекеттік тілді оқыту орталығымен бірлесіп біліктілік деңгейін арттыру сертификаттарын табыстады.
Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен Ұлттық тестілеу орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх