Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Қазақ тілін ересек тұрғындарға екінші тіл ретінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері және тілдік білімді бағалаудағы               ҚАЗТЕСТтің рөлі» тақырыбындағы семинар-тренинг
«Қазақ тілін ересек тұрғындарға екінші тіл ретінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері және тілдік білімді бағалаудағы ҚАЗТЕСТтің рөлі» тақырыбындағы семинар-тренинг


«Қазақ тілін ересек тұрғындарға екінші тіл ретінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері және тілдік білімді бағалаудағы ҚАЗТЕСТтің рөлі» тақырыбындағы семинар-тренинг

(21-23 сәуір 2014ж.)

Ұлттық тестілеу орталығы 2014 жылдың 21-23 сәуір күндері қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту бойынша республикалық «Үздік оқытушылардың» қатысуымен біліктілікті арттыру семинар-тренингін ұйымдастырады.


Семинар-тренинг тақырыбы: Қазақ тілін ересек тұрғындарға екінші тіл ретінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері және тілдік білімді бағалаудағы ҚАЗТЕСТтің рөлі

Семинар-тренинг мақсаты: Қазақ тілін ересек тұрғындарға екінші тіл ретінде оқытуда жаңа, өнімді әдістемелерді пайдалануды қолға алу және алған білімді нақты бағалауда ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының ерекшеліктерін көрсету.

Тіл білімін әділ әрі нақты бағалай отырып, тілді оқыту мен оны меңгерту үдерісіне ықпал ету, әрбір азамат үшін қазақ тілін меңгерудің уәждемесіне серпін беруде оқыту әдістемесінің тиімділігі, өміршеңдігі мен заманауи талаптарға сәйкестігі, бағалау құралдарының мақсатқа лайықтылығы мен сапасы алғашқы орынға шығады.

Осыған байланысты Ұлттық тестілеу орталығы үнемі қазақ тілін оқытудың тиімді әдістемелері бойынша оқытушылар мен әдіскерлер, ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлемешілері мен сарапшылары үшін біліктілікті арттыру семинарларын, кеңестерін, курстарын, семинар-тренингтерін ұйымдастырып отырады.

Осы жолы ұйымдастырылып отырған семинар авторлары қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың әдіс-тәсілдері бойынша жаңашыл шеберлік сабақтарын ұсынып жүрген оқытушы мамандар.

Семинар-тренингтің алғашқы бөлігінде тиімді әдістемелер, оларды тіл оқыту үрдісінде қолданудың жолдары мен деңгейлеп оқыту әдісінің тиімділігі туралы баяндалса, екінші бөлігі теорияны практикамен ұштастыру мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымына сәйкес Тыңдалым, Лексика-грамматика, Оқылым, Жазылым бөліктеріне арналған тест тапсырмаларының құрылымы, мазмұны, әзірлеу ерекшеліктері мен олардың қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемелерімен сабақтастығы, тапсырмаларды талдау бағыты бойынша жалғасады.

Семинар-тренингтің өзектілігі қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың қыр-сырын ұғындыру, заманауи, өнімді технологияларды қолданудың әр алуан жолдарын қарастыру және білімді нақты бағалауда ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының ерекшеліктері мен оларды тәжірибеде қолдануды көрсету. Семинар барысында қамтылатын тақырыптар:


- Тілді екінші тіл ретінде оқытудың озық тәжірибелері;
- Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемелері;
- Тілді деңгейлеп оқытудың тиімділігі;
- Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктері;
- Тіл білімін бағалау ерекшеліктері;
- Тіл білімін бағалау құралдарының толық сипаттамасы;

-ҚАЗТЕСТ тапсырмалары: құрылымы, мазмұны, ерекшелігі, тиімділігі, тіл оқытудағы рөлі.

Семинар-тренингке республикадағы тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, ҚАЗТЕСТ жүйесінің әзірлемешілері мен сарапшылары, ҚАЗТЕСТ жүйесінің серіктестері қатысады.

Семинар-тренингті ұйымдастырушы:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы»

Семинар-тренинг өтетін мекен:
Ұлттық тестілеу орталығы, Жеңіс даңғылы,60
Семинар-тренинг өткізу мерзімі: 2014 жыл, 21-23 сәуір

Ақпарат бойынша байланыс телефондары:
51-83-10
51-83-06
27-92-19
27-92-18


www.kazakhtest.kz ,

info@kazakhtest.kz;

Twitter: @kaztest_nct




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх