Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесінің қазақ тілін меңгеру деңгейлері бойынша лексикалық минимумдарының жобалары әзірленді.

ҚАЗТЕСТ жүйесінің қазақ тілін меңгеру деңгейлері бойынша лексикалық минимумдарының жобалары әзірленді.

Халықаралық тәжірибелерге ұқсас тіл білімін бағалаудың отандық жүйесі ҚАЗТЕСТ тестіленушінің коммуникативтік қабілеттіліктерін бағалауға бағытталған. Отандық жүйенің әдістемелік қоры қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік құзыреттіліктерін анықтайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына негізделген. Тіл үйрену тәжірибесінде лексикалық минимумдарды қатар үйрену міндетті түрде ұштасып отырады. Лексикалық минимум сөздік қордың кеңеюіне, белсенді және пассивті сөздік қордың қалыптасуына ықпал етеді. Әзірленіп отырған лексикалық минимум жобалары қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіне сәйкес келетін (қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлер) минимальды сөздер мен сөз тіркестерінің жиынын қамтиды. Минимумдар қазақ тілін өз бетінше үйренуге және қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға бағытталған.

Лексикалық минимумдар тіл үйренушілерге, қазақ тілін екінші тіл ретінде, шет тілі ретінде үйренушілерге, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша емтиханға дайындалу үшін, оқытушыларға, оқу құралдарының авторларына, зерттеушілер мен ғалымдарға, ізденушілер мен студенттерге арналған.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх