Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы өтті.
Азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы өтті.
ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту мен енгізудің 2011 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 25-28 қазан аралығында жүйеге арнап әзірленген тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы өткізілді. Сараптама сөйлеу әрекетінің Тыңдалым, Оқылым, Жазылым және Лексика-грамматикалық құрылым бөліктері бойынша жүргізілді. Сараптамаға барлығы төрт бөлік бойынша 20 000 тест тапсырмасы ұсынылды.
Тәуелсіз сараптаманы Ұлттық тестілеу орталығының тапсырысымен еліміздің барлық өңірлерінен практикалық қазақ тілі бағытында ғылыми ізденістері мен мақалалары бар жоғары оқу орындарының филолог ғалымдары өткізді. Сараптама барысында тест тапсырмаларының нормативті құжаттарға сәйкестігіне байланысты тапсырмалар қорына енгізуге ұсынылатыны, түзетумен ұсынылатыны немесе жойылуы туралы шешімдер шығарылды. Сарапшылар саны – 34 адам.
Әрбір бөлік бойынша сараптамалық қорытындылар әзірленді. Сараптамалық қорытындылар мен сарапшылардың түзетулері негізінде тест тапсырмаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх