Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау емтихандарын тапсырды.
2011 жылдың 24-27 қазан аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының Астана, Өскемен, Семей, Көкшетау, Талдықорған қалаларында орналасқан физика-математика және химия-биология бағытындағы зияткерлік мектептерінің ұстаздар құрамы мен басқарушы қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесімен тестілеу емтихандарын тапсырды.
Ұстаздар құрамы мен басқарушы қызметкерлер ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде сөйлеу әрекетінің Тыңдалым, Оқылым және Лексика-грамматикалық құрылым бөліктері бойынша тест тапсырды. Қазақ тілін меңгерудің қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлері бойынша әрбір деңгейде тест 150 тапсырмадан тұрады, 150 минут уақыт беріледі. Деңгей талаптары бойынша нәтижеге қол жеткізген тестіленушілерге сәйкестік сертификаттары беріледі. Тестілеу емтихандарына балығы 674 адам қатысты.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх