Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде меңгеру деңгейін бағалау ерекшеліктері және соның негізінде қазақ тілін оқытудағы жүйелілік мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өткізілді

2011 жылдың 3-7 қазан аралығында Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасының барлық облыстарының, Астана, Алматы қалаларының тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының директорлары, әдіскерлері мен оқытушыларына арналған «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде меңгеру деңгейін бағалау ерекшеліктері және соның негізінде қазақ тілін оқытудағы жүйелілік мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өткізді. Семинарға қатысушылар саны – 47 адамды құрады.
Семинар барысында ҚАЗТЕСТ жүйесі тест тапсырмаларының әзірлемешілері мен сарапшылары, филолог ғалымдардың және ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамытуға байланысты бөлік жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды.
Семинардың негізгі мақсаты – қазақ тілін оқытуда тіл үйренушілердің тілдік дағдыларын қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ арқылы қалыптастыру әдістерін сараптау, жүйелеу мәселелері.
Семинар нәтижесінде қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша тест тапсырмаларын қалыптастырудың жұмыс тобына жаңа мүшелер анықталды, барлық облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы Тілдерді дамыту басқармаларының бастықтары ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жұмыс тобына қосылды, семинарды табысты аяқтаған тыңдаушыларға Ұлттық тестілеу орталығының сертификаттары табысталды.

Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх