Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ETS Global ұйымымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
ETS Global ұйымымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы ETS® ұйымының (Educаtional Testing Service – Білім саласындағы тестілеу қызметі, АҚШ, Принстон университеті) еуропалық өкілдігі ETS Global атқарушы директоры Паскаль Мевеллек (Pascal Mevellec, Executive Director, Sales and Fulfillment) және байланысты кеңейту координаторы Чинар Адамалиева мен Білім және ғылым Вице-министрі С.А.Ирсалиевтің басқаруымен Білім және ғылым министрлігінің басшылық апаратымен кездесуін ұйымдастырды. Кездесу барысында ETS Global халықаралық ұйымы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Білім және ғылым Вице-министрі Қазақстан Республикасындағы білім беру сапасын бағалау саласына жалпы сипаттама беріп, ETS ұйымы қызметінің мінсіз беделін атап өтті. Сонымен қатар жоспарға сәйкес шетелдік әріптестердің Ұлттық тестілеу орталығы ұжымымен кездесуі өткізілді. Диалогтің нәтижесінде Ұлттық тестілеу орталығы мен ETS Global халықаралық ұйымы арасында білім беру сапасын бағалау саласындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх