Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі мен ETS Global ұйымы Бас директорының кездесуі
Өткізу орыны: Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Ұлттық тестілеу орталығы.
Кездесу мақсаты: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі мен ETS Global ұйымының ынтымақтастық мәселелерін талқылау.

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов пен ETS Global ұйымының Бас директоры Зобер Иазид (Zoubir Yazid, Managing Director ETS Global) және Паскаль Мивеллик (Pascal Mevellec, Executive Director, Sales and Fulfillment) арасында білім беру саласында тестілеу, білім сапасын бағалау мәселелері бойынша ынтымақтастық  мәселелері жөнінде кездесу өткізу жоспарлануда.
ETS (Educаtional Testing Service, Білім саласындағы тестілеу қызметі, АҚШ, Принстон университеті) – бұл білім саласында бағалау құралдарын өңдеумен және зерттеумен айналысатын тәуелсіз және бейкоммерциялық ұйым. ETS штаты 2600-ге жуық мамандардан тұрады. Олардың әрқайсысы халыққа, оқытушыларға, компанияларға және үкімет органдарына білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін күш салуда. ETS Global дүние жүзінде кең спектрлі қызмет көрсетеді: білім беру жүйесін, оқыту саясатын зерттейді, білім беру ұйымдарының оқытушыларын сертификаттайды, білім беру саласына қатысты университеттерге және басқа да мемлекеттік білім беру ұйымдарына кеңес береді. Сонымен қатар ETS Global дүние жүзінің 180 елінде 9000-дай тест түрін өткізеді. TOEFL®, TOEIC® tests, GRE® General, Subject Tests, The Praxis Series™ тілдік емтихандарын қоса алғанда жыл сайын 50 миллионға жуық тесттерді бағалайды. Бағалау тестілеріне қосымша, өнімдер мен қызметтер жүйесін жақсарту үшін білім саласында үздіксіз зерттеудің аналитикалық жұмысын жүргізіп, сонымен қатар білім саласындағы жаңа қызметтер мен инновациялық өнімдерді дамытады.
    Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ETS Global ұйымымен бірлесе отырып білім саласындағы қызмет сапасын бағалау бағытында ынтымақтастық іс-шараларын бастады. Ұлттық тестілеу орталығы КАЗТЕСТ жүйесін дамыту мақсатында ETS Global ұйымының қолдауымен 20-24 маусымда «Тіл меңгеру деңгейін бағалау құралдарын әзірлеу және оларды жетілдіру» тақырыбында ETS Global ұйымының сарапшысы Дэвид Баумның тренингін ұйымдастырды. ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасы азаматтары мен Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асырушы шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың отандық жүйесі. ҚАЗТЕСТ жүйесі TOFEL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, TOMER, TPKИ және т.б. халықаралық тілдер білімін бағалау жүйелерінің тәжірибесіне негізделген.
Отандық ҚАЗТЕСТ жүйесін халықаралық жүйелермен үндестіру және халықаралық деңгейге көтеру мақсатында жоғарыда аталған кездесу кеңес алу сипатында өтеді. Кездесу барысында тіл меңгеру деңгейін бағалау бойынша халықаралық жүйелердің көпжылдық тәжірибесін қолдану, озық ғылыми зерттеулер, оқыту үдерісін жүйелеу мәселелері, тіл меңгеру деңгейін  бағалаудың ерекшеліктерін талқылануы жоспарланып отыр. Кездесу білім саласындағы қызмет сапасын бағалаудағы халықаралық ғылыми-әдістемелік ынтымақтастықты дамытуға игі әсер етеді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх